Атырау, 25 қараша 09:24
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сарайшық қалашығы Қазақстанның топ-20 басым туристік аймағы қатарына енді

746 просмотра
Сарайшық қалашығының схемасы / Жомарт Әмірханов

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев таяуда өткен туризмді дамыту саласындағы 2023 жылға арналған іс-шаралар қорытындылары мен 2024 жылға арналған басым міндеттерге арналған алқа отырысында Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басым аумақтар тізімі 10-нан 20-ға дейін кеңейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстандағы ТОП-20 басым туристік аймақтың толық тізімі:

Хан Ордасы (БҚО),

Қарғалы су қоймасы (Ақтөбе обл.),

Туристік кешен (Қостанай обл.),

Щучье-Бурабайдағы «Ақбура» курорт аймағы (Ақмола обл.),

 Имантау-Шалқар курорт аймағы (СҚО),

 Баянауыл (Павлодар обл.),

Катон-Қарағай курорт аймағы (ШҚО),

Алакөл курорт аймағы (Абай обл., Жетісу обл.),

Түрген-Қаскелең тау кластері (Алматы қ., Алматы обл.),

«Көксай resort» (Жамбыл обл.), Балқаш (Қарағанды обл.),

Түркістан (Түркістан обл.),

Байқоңыр ғарыш айлағы (Қызылорда обл.),

Ұлытау ауылы (Ұлытау обл.),

Жылы жағажай (Маңғыстау обл.),

Сарайшық қалашығы (Атырау обл.),

Шымкент – гастрономиялық туризм орталығы (Шымкент қ.),

Туристік аудан (Астана қ.).

Ішкі туризм ағынының серпінді өсуін ескере отырып, министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аталған туристік бағыттарда инфрақұрылымды дамыту бойынша жол карталарын әзірледі.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

29 ақпан, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.