Атырау, 25 қараша 11:37
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Электр энергиясы тарифтерінің өзгергені туралы ақпарат жалған

738 просмотра

WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде электр энергиясы тарифтерін өзгертуге өтінімдерді қабылдау мерзімі шектелгені туралы аудиохабарлама таралуда. «Атырау Жарық» АҚ-ның баспасөз қызметі «АЖ» сауалына берген жауабында бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын және тұрғындарды жаңылыстырумен қатар, мағынасыз дүрбелең туғызатынын айтты.

- Тұтынушылардан өтініштер қабылданды, қабылданады және тұтынушыларға ыңғайлы кез келген тәсілмен қабылдана береді. Біріншісі – жұмыс тәртібіне сәйкес қағаз түрінде кеңсе арқылы. Ал екіншісі – office@aesatu.kz электронды поштасына хат жіберу арқылы, - деп атап өтті «Атырау Жарық» АҚ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, олардың мәліметінше, WhatsApp желісінде таралған «тұрғындар көшелерді жарықтандыру үшін төлейді» деген дауыстық хабарлама да шындыққа жанаспайды.

- Электр энергиясын пайдаланатын тұтынушылар бекітілген тарифтер бойынша есепке алу аспаптарынан алынған көрсеткіштер бойынша нақты тұтынғаны үшін ғана төлейді. Көшелерді жарықтандыруды қалалық ТКШ басқармасы төлейді, - деп қосты баспасөз қызметі.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

29 ақпан, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.