27 ақпанда сағат 11:46-да Атырауда Ғ.Берғалиев көшесінің бойында Қырғызстан азаматының басқаруындағы «Volvo» жүк көлігі отқа оранып жанып жатқаны туралы шақырту түсті.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Қоғаммен байланыс тобы хабарлады. Өрт сөндірушілер өртті сағат 12:37-де толықтай ауыздықтады. Өртті өшіруге тоғыз құтқарушы мен үш техника жұмылдырылды. Тұтану себебі анықталып жатыр.
«Құрметті өңір тұрғындары мен қонақтары, автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар! Жыл басынан бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 18 көлік өрті тіркелді. Оның ішінде жүк көлігі бойынша – 5, автобус – 1 , жеңіл автокөлік бойынша – 12 оқиға тіркелді» делінген хабарламада.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА