Атырау, 21 қараша 23:24
 ашықВ Атырау +4
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Атырау облысының қашқын экс-әкімі Бергей Рысқалиев іздестіріліп жатыр ма?

886 просмотра

Неліктен қашқын экс-әкім Лондонда сәнді дүкеннің алдында емін-еркін суретке түсіп жүр, деген сұраққа ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет ШЫНДАЛИЕВ жауап берді.

– Рысқалиевқа қатысты сырттай шығарылған үкім бар, бірақ, өкінішке орай, біздің Лондонмен ... беру және табыстау туралы келісіміміз жоқ. Тиісті келісімдер болмаса, құқық қорғау органдары ештеңе істей алмайды... (Ұлыбританияның құқық қорғау органдарына- «АЖ») өтінімдер жасалған, бірақ олардың қаншалықты жүзеге асырылып жатқанын білмеймін, - деді Шындалиев.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев пен президент әкімшілігінің экс-басшысы Аслан Мусиннің Лондонның дәл ортасында бірге түскен суреті жарияланған болатын.

Жомарт ӘМІРХАНОВ

28 ақпан, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.