Petrocouncil.kz хабарлағандай, Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Мұрат ДОСМҰРАТОВ лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланған деп, 72 сағатқа қамауға алынды.
Біздің ақпарат көзіміздің мәліметі бойынша, экс директордың ұсталғаны зауыттағы соңғы кезде болып жатқан жағдайға (экс-бас директоры Жусанбаев пен экс-бас инженер Шошанбасовтың арызы) байланысты емес.
Досмұратовтың ісі бөлек өндіріске алынды және ол таяудағы АМӨЗ-дің басқа экс-бас директорының басындағы атышулы сот ісіне байланысты.