Атырау, 13 сәуір 0421
 бұлттыВ Атырау +12
$ 514.94
€ 583.74
₽ 6.13

АМӨЗ-де бензин төгілді

Бейнежазба
940 просмотра 20 пікір

Әлеуметтік желіде қондырғы құбырларынан сұйықтық төгіліп, бұрқақ боп атқылап жатқаны туралы видео тарап жатыр. Видеоға АМӨЗ-де бензин төгілді деп жазып жатыр.

«AЖ» зауыттың баспасөз қызметінен осы жағдайға қатысты түсінік беруді сұрады. Олар бұл ақпаратты растады. Олардың айтуынша, кеше, 26 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:30-да бутенді олигомеризациялау қондырғысында қондырғыны іске қосуға арналған тікелей айдалатын бензин коллекторында ақау анықталған.

- Өнімді тез ығыстыру үшін бұл желіге 15 кгс/кв см қысыммен су жіберілді. Қазіргі уақытта ақаулы аумақты жою бойынша жедел шаралар алынды. Барлық технологиялық қондырғы қалыпты жұмыс істеп тұр, мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту жоспарға сәйкес жүргізілуде, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Әзірге қанша бензин төгілгені айтылмады, қызметтік тергеу жүріп жатыр.

- Қазір зауытқа прокурорлар мен экологтар кешенді тексеру жүргізіп жатыр, бұл жерде бензиннің төгілу фактісі ескеріледі, - деп хабарлады экология департаментінің баспасөз қызметі.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

27 ақпан 2024, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16