Атырау, 25 қараша 11:59
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жылыой ауданында жұмыссыздар наразылықтарын білдірді

819 просмотра
Бейнежазбадан алынған скриншот

22 ақпан күні 30 шақты адам Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы мәдениет үйінің алдына жиналып, жұмыссыздық мәселесін шешуге байланысты өз үндеуін жария етті.  

- Ауданда жұмыссыздық бірінші орында тұр. Теңіз қалашығынан көп адам қысқарып, жұмыссыз қалуда, - дейді жиналғандар. - Бірақ басқа облыстардан келіп, жұмыс жасап жатқандар бар. Жалпы жұмыссыздықтан бөлек, ауданды көркейту, жол жайын шешу, көгалдандыру, жастарға патриоттық тәрбие беру қажет. Айналып келгенде жастарды жұмыспен қамту, әлеуметтік мәселелерді шешу күн тәртібіне түспеуі тиіс. 

Бұған қатысты аудандық әкімшіліктің баспасөз қызметі қысқаша ақпарат берді:

«Жалпы ауданда жұмыссыздар саны 3085 адам, оның ішінде жұмыссыздыққа биыл (қаңтардан бастап күні бүгінге дейін) 1714 адам тіркелген. Теңіз кенішінен 5 адам ғана қысқартылды. 44 адам жұмыстан босатылған. Жыл басынан бері 106 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыстан қысқарғандар заңды түрде тіркелуі тиіс». 

Естуімізше, 4 мыңға жуық жұмысшысы бар ірі компанияда маусым, шілде айларында қысқарту жүрмекші. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 ақпан, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.