Атырау, 3 мамыр 01:43
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

25 ақпанда Құрманғазы ауылдық округінің әкімі сайланды

Сурет
612 просмотра

Сайлауға алты сайлау учаскесінен 5129 сайлаушы қатысқан,  бұл сайлаушылардың 57,8 пайызы.

Әкім болуға үміткерлер: өзін-өзі ұсынған Нұрлан ӨТЕГЕНОВ, Орлы ауылындағы "Өнерпаз" мәдениет үйінің директоры; Айбек ӨТЕПОВ, Еңбекшіл жалпы орта мектебінің директоры; "AMANAT" партиясынан Абдуррахман МУСА.

Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Болат БРАЛИЕВТІҢ мәлімдеуінше, сайлау жоғары деңгейде өткен, заң бұзушылық болмаған.

Нәтижесінде А. Өтепов - 9, Н. Утегенов - 14, ал А. Муса 74,3 пайыз жинаған. Осылайша, Құрманғазы ауылдық округінің әкімі болып 1977 жылы туған Абдуррахман Муса сайланды. Білімі жоғары, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын экономика және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің тарих мамандығын бітіріп шыққан. Еңбек жолын жас натуралистер станциясында үйірме жетекшісі, мұғалім болып бастаған. Орлы ауылдық округі әкімі, Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары, Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған. Сайлауға түскенге дейін 2020 жылдан бері Құрманғазы ауылдық округі әкімі болған. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 ақпан, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.