Атырау, 23 қараша 00:52
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ШЫҰ бақылаушылары миссиясы Беларусь сайлауындағы жұмысын бастады

421 просмотра
Сурет: ШЫҰ баспасөз қызметі

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) байқаушылар миссиясы 25 ақпанға белгіленген Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы өкілдер палатасына және депутаттардың жергілікті кеңестеріне (РБ) сайлау бойынша жұмысты бастады. Бұл туралы ұйымның ресми телеграм-каналындағы хабарламада айтылған, деп жазады Казинформ.

Миссия басшысы, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Нұрлан Ермекбаев дауыс беру күні қарсаңында Беларусь Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенкомен, саяси партиялардың басшыларымен, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен, сондай-ақ басқа ұйымдардың бақылаушыларымен кездесу өткізді.

ШЫҰ Миссиясының мүшелері сенбіде Минскідегі сайлау учаскелеріне барып, мерзімінен бұрын дауыс беру мониторингін жүргізді.

Бүгін Беларусьте бірыңғай дауыс беру күні өтіп жатыр. Осылайша Ұлттық жиналыстың Өкілдер палатасының және жергілікті депутаттар кеңесінің депутаттарын сайламақ.

26 ақпан, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.