Атырау, 27 сәуір 11:42
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Спорт жаңалықтары

528 просмотра
Фото: olympic.kz 

Бакуде (Әзірбайжан) дзюдодан Grand Slam турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасы турнирде бір медаль жеңіп алды. Атырау қаласының өкілі Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

***

Фото: ӨКҚ

18-22 ақпанда Астанада белдесіп күресуден ҚР чемпионаты өтті. Көне күрестің палуандары екі алтын, бір күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Республиканың кезекті жеңісінен кейін Нұржан Сәрсенғалиев қыркүйек айында Астанада өтетін әлем чемпионаты мен Көшпенділер ойындарына жолдама алды.

***

Фото: sports.kz 

17-18 ақпанда Германияның Гейдельберг қаласында парадзюдодан дәстүрлі рейтингтік Гран-при өтті. Қазақстан құрамасы турнирде бес медаль жеңіп алды. Оның ішінде атыраулық спортшылар бір алтын, бір қола медальға қол жеткізді.

70 келіден жоғары салмақтағы жарыста +70 келі салмақтағы Зарина Райфова жеңімпаз, ерлер арасында 90 келіден жоғары салмақта Жұқамырза Шүкірбеков қола жүлдегер атанды.

***

Фото: ӨКҚ

16-18 ақпанда Кипрдің Ларнака қаласында WKF каратэден ересектер арасында «А» класы бойынша рейтингтік турнир өтті. Турнирге 125 елден мыңнан астам спортшы қатысты. ҚР құрамасында атыраулық Кенжебай Нұрбек ерекше көзге түсіп, 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.

***

Фото: olympic.kz 

Тегеранда таэквондодан «Fajr open G-1» рейтингтік турнирі өтті. Жарысқа сегіз елден 350 спортшы қатысты. Атыраулық Мария Севостьянова ұлттық құрама сапында ерекше өнер көрсетіп, күміс жүлдені иеленді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 ақпан, 23:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.