Атырау, 26 желтоқсан 20:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Қытайда 100-ден астам көлік жол апатына түсті

1 347 рет қаралды
Фото: bnnbreaking.com

Қытайдың Сужоу қаласында 100-ден астам көлік соқтығысты. 3 адам ауыр зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген, 6 адам жеңіл жарақат алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Independent басылымына сілтеме жасап.  

«Апатқа ауа райының қатты суытып, көктайғақ болып, тұман түсуі себеп болған. Тайғақ жолда бір-біріне соғыла тоқтай берген көліктер үйіліп, жолды жауып тастаған», - делінген хабарламада.

Кейінгі аптада Қытайдың көптеген өңірінде ауа райы аязды болып тұр. Қарлы боран соғып, көлікпен жүру қиындаған, жол апаты жиілеген.

Ұлттық метеорологиялық орталық (NMC) жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ауа райына байланысты сақтық шараларын қабылдауға шақырды.


23 ақпан 2024, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.