Қазақстандық боксшы және Parimatch амбассадоры Балауса Мұздиман Түркияның Стамбулында өткен жаттығу жиындарынан алған әсерімен бөлісті.
Стамбулдағы жаттығу жиындарынан қандай әсерге бөленгеніңіз жайлы айтып берсеңіз?
Жақсы әсер алдым, Стамбулдағы жаттығу жиындары өте жақсы өтті. Олар 12 күнге созылды, біз осы уақыт ішінде жемісті жұмыс жасадық. Мен одан да көп тәжірибе жинап, Серен Четинмен бірнеше спарринг өткіздім - ол қазір Түркияда бірінші орында. Айтпақшы, 24 ақпанда ол әлем чемпионы Дина Торслундпен жеңіл және 2-ші жеңіл салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізетін болады.
Бұл жаттығу жиындары бұрынғылардағыдан ерекшелігі неде?
Алдыңғы жиындар АҚШ — та өткен еді, онда біз бір ай болдық, ал Америка өздеріңіз білетіндей, кәсіби бокс мұхиты болып табылады. Мұнда бір спортшымен спаррингке көбірек байланғандықтан, сәйкесінше, жиындардың нәтижесі мен ұзақтығы да басқаша болды.
Сіздің спаррингтегі серіктесіңіз түркиялық Серен Четин болды. Ол туралы не ойлайсыз?
Иә, менің спаррингтегі серіктесім Түркияның № 1 боксшысы болды, ол өте жарқын және жылы жүзді адам. Ол WBC атағы үшін шайқасатын болады, оған қоса оның қанжығасында жеңіліссіз 11 жекпе-жегі бар. Мен үшін бұл жақсы тәжірибе болды, біз алты, сегіз және 10 раундта жұмыс істеп, өте жақсы нәтижеге қол жеткіздік.
Сіздің соңғы ресми жекпе-жегіңіз-Алматыдағы бокс кешінде Мариам Габримен өтіп еді. Сырт көзбен қарағанда, ол сіз үшін өте оңай өткен сияқты. Енді 2 ай өткен соң, дәл солай болып көрінеді ме?
Мүмкін, бұл баршаға оңай болып көрінген шығар, алайда олай емес. Біз әр жекпе-жекке дайындалып, оған барынша мұқият дайындаламыз. Мариам Габри - өте шебер, жақсы күрескер, өйткені жеңіліссіз үш жекпе-жек өткізіп, екі нокаут жасау оңай шаруа емес.
Алдағы жарты жылға қандай жоспарларыңыз бар?
Жаттықтырушы мен менеджермен бірлесіп, жол картасын жазып қойдық: бізді жақын арада жекпе-жек күтуде, титул үшін екі жекпе-жек өтеді, Алла Тағала қалауымен, Еуропада, Америкада екі жиын болады, жыл соңында чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткіземін деген ойдамын.