Атырау, 27 желтоқсан 10:38
 ашықВ Атырау +1
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Атамнан қалған қару

1 064 просмотра

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен ("Қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы") азамат Д.Қ.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта азамат Д.Қ. ішкі істер органдарында тіркелмеген 16 калибірлі аңшы қаруын заңсыз сақтағаны анықталды. 

Сотта Д.Қ. кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін, мылтықтың өзіне атасынан қалғанын, ішкі істер органында тіркелмегенін, оны тіркеудің қажет екенін білмегенін айтты, - делінген хабарламада. Атырау облысы полиция департаментінің жедел криминалистикалық бөлімінің қорытындысы бойынша Д.Қ.-дан алынған қару атуға жарамды екені көрсетілген”.

Сот қаулысымен Д.Қ. кінәлі деп танылып, оның қаруы тәркіленіп, 48  мың 300  теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 ақпан, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.