Атырау, 3 мамыр 08:37
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Атырау облысының жолаушылар көлігі басқармасы Атырау әуежайының ұшу-қону жолағын жөндеуге қатысты өз ақпаратын жоққа шығарды

Толықтырылды
814 просмотра

Сурет: Атырау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі

Еске салсақ, Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әлібек МҰХАНБЕТАЛИЕВ бастаған басқарма мамандары Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайының ұшу-қону жолақтарын тексеріп, ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін көтерген еді.

Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан тілшімізге берілген ақпаратта, әуежай басшылығымен бірлескен тексеру барысында әуежайдың ұшу-қону жолақтарының асфальтбетоны және перронның тозығы жеткені хабарланды.

Алайда кешкісін басқармадан көлік басқармасы қызметкерлерінің бірінің жіберген қатесін түзетуді сұраған хабарлама келіп түсті.

«Негізі, ұшу-қону жолақтары мен перрондардың тозуы емес, қоймалар мен басқа нысандар арасындағы әуежайдың басқа жолдары туралы айтылды», - деп атап өтті басқарма. - «Қазіргі уақытта ағымдық жөндеу жұмыстарының жобасы әзірленіп жатыр, олар осы жылға жоспарланған».

Айта кетейік, Атырау халықаралық әуежайы арқылы ішкі рейстерден бөлек Кутаиси, Шарм-Эль-Шейх, Стамбул, Мәскеу, Амстердам, Франкфурт, Баку қалаларына тұрақты және чартерлік рейстер қатынайды. 2023 жылы 7524 рейске қызмет көрсетіліп, 1 427,8 мың адам тасымалданды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

23 ақпан, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.