Атырау, 20 мамыр 14:42
 ашықВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Балық инспекциясында жұмыс қызу жүріп жатыр

916 просмотра

20 ақпан күні Атырау балық инспекциясының мамандары мұз астына заңсыз құрылған ау құралдарын анықтап, ҚР ӘҚБтК-нің 383- бабы 1-бөлімімен екі әкімшілік хаттама толтырды.

Иесіз ау құралдарынан алты келі қара балық тұқымдастар тәркіленіп, балық қабылдау мекемесіне тапсырылды.

Теңіз балық инспекциясы мамандары заңсыз ау құралына түскен бір бекіре тұқымдас балығын құтқарып, қайта табиғи ортасына жіберді. Балық аулауға тыйым салынған аумақта заңсыз ау құрып жүрген азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлімімен хаттама толтырды.

Дамбы балық инспекция бөлiмi мемлекеттiк инспекторлары ММС, Жұмыскер ауылдары тұсында Жайық өзенi мұз айдыны астына заңсыз құрылған ау - алты дана иесiз ау құралдарын шығарса, Махамбет балық инспекциясы мамандары Жайық өзеніне құрулы күйіндегі иесіз төрт дана ау құралдарын анықтап, одан бөлек үш жеке тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлімімен үш әкімшілік хаттама толтырды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

22 ақпан, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.