Атырау, 18 қазан 09:04
 ашықВ Атырау +17
$ 487.24
€ 529.34
₽ 5.02

Үш қой ұрлап, бес жылға сотталды

1 075 просмотра

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында мал ұрлағаны (ҚК-тің 188-1 бабының 3-бөлігінің 2-тармағы) үшін айыпталған Л.К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі. 

2023 жылдың желтоқсан айында Л.К. көршісінің үйіндегі мал қорадан 3 бас қойды ұрлап, Құлсары қаласындағы азық-түлік дүкенінің біріне барып, қойларды арзан бағаға сатқан. 

ҚК-тің 188-1 бабының 3-бөлігінің 2-тармағының санкциясында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.  

Сот үкімімен Л.К. кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, мал ұрлығы үшін жаза 2019 жылы желтоқсанда президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойғаннан кейін күшейтілген болатын».

22 ақпан, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.