Атырау, 28 сәуір 03:28
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Орта Азияны Оңтүстік Азия елдерімен байланыстыратын темір жол бес жылда пайдалануға берілуі мүмкін

258 просмотра
Сурет: Midjourney

Ауғанстан, Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктері Трансауған теміржол жобасын техникалық зерттеу бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Avapress хабарлады.

Ауғанстан ұлттық темір жолының басшысы Бахтул Рахман Шарофат 19 ақпан күні Өзбекстанға барды. Оның сапары барысында Өзбекстан мен БАӘ өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Тараптар Трансауған темір жолы жобасын техникалық-экономикалық зерттеуді бастау туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Оның негізінде мердігер компания өзінің қаржылық ресурстары есебінен Трансауған теміржол жобасы бойынша техникалық, әлеуметтік және экономикалық зерттеулер жүргізеді. Кейін зерттеу нәтижелері инвестиция тарту үшін Ауғанстан, Өзбекстан және Пәкістанның қаржы институттары мен кәсіпкерлеріне жеткізілетін болады. Алдын ала жүргізілген зерттеулер бойынша, теміржол құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуі үшін бес жыл қажет.

Трансауған теміржолы жобасы Орта Азия елдерін Ауғанстан арқылы Оңтүстік Азия елдерімен байланыстырады. Өзбекстан-Ауғанстан-Пәкістан үш жақты теміржол жобасының ұзындығы 760 шақырым, құрылыс құны 4,8 миллиард долларға бағаланып отыр.

22 ақпан, 08:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.