Атырау, 23 қараша 04:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейде адыраспанды пайдалануға тыйым салынды

562 просмотра

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин мемлекеттік бақылауға жататын есірткі құралдарының тізімі туралы қаулыдағы түзетуге қол қойды. Ол жерде адыраспан тыйым салынған есірткі өсімдіктерінің тізіміне жатқызылды, деп хабарлайды nege.kz

Енді ел аумағында адраспанды өсіруге, сақтауға және пайдалануға тыйым салынады.

Өсімдіктің құрамында психотропты алкалоидтар болғандықтан тізімге енген. Адыраспанның тұқымын заңсыз таратып, өткізгендерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қазақстанда бұл өсімдік киелі саналады. Үйге ырыс, бақ әкелсін, бәле-жаладан, тіл-көзден сақтасын деп босағаға іліп қояды. Оны тұтатып, үйді аластайды. 

21 ақпан, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.