Атырау, 28 сәуір 05:37
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

АҚШ Навальныйдың өлімінен кейін Ресейге қарсы ірі санкция пакетін жариялайды

427 просмотра

АҚШ Алексей Навальныйдың өліміне байланысты Ресейге қарсы «ірі санкциялар пакетін» жариялауды жоспарлап отыр, деп хабарлады "Адырна" ұлттық порталы Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Кирбидің жазбасына сілтеп.

Кирбидің жазуынша, шаралар кешені жаңа санкциялармен арнайы толықтырылған.

20 ақпан күні Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков брифингте Навальныйдың әйелі Юлияны және Сербия президенті Александр Вучичтің қайтыс болғаннан кейінгі мәлімдемелеріне түсініктеме беріп, Еуроодақтың тәуелсіз тергеу жүргізу талабына баға берген болатын.

Песков Юлия Навальнаяның Ресей президенті Владимир Путинге тағылған айыптарын негізсіз деп атады және этикалық себептерге байланысты одан әрі бағалаудан бас тартты.

Ал Ресейге қарсы жоспарланған АҚШ санкциясы толығырақ 23 ақпанда жарияланады. Бұл туралы Калифорнияға сапары кезінде журналистерге Джо Байден хабарлаған болатын.

Байден Навальныйдың өліміне Ресей президенті Владимирп Путинді кінәлады.

21 ақпан, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.