Атырау, 25 қараша 13:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Күні бойы жарықсыз қалды

642 просмотра

Береке ықшамауданының тұрғындары кеше таңертең 9:00-ден 21:00 аралығында жарықсыз, жылусыз қалды. Бұл жағдай бірінші рет емес, жиі қайталанып тұратын жағдай.

Берекенің жарық мәселесі қысы-жазы осылай. «Енді президенттің чатына жазу қалды», деп жазды тұрғындардың бірі әкімдіктің телеграм каналында. Енді бір тұрғын: «Бәріміздің үйімізде ауыратын адам бар, бала-шаға бар, бәлен сағат бойы жылусыз, жарықсыз отыру мүмкін емес» деп ренішін білдірді.

Әкімдік хабарлағандай, жарықтың жаппай сөну жағдайы Береке ауылындағы Қасым Хан, Н.Жантөрин, Абылайхан, К.Қасымов, Сарыарқа, Сарайшық көшелерінде тіркелген.

«Ақпан айының  20-шы жұлдызы күні, жоғарыда аталған мекен жайларды электр жарығымен қамтамасыз ететін “Қалалық тұрғын -үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі” мемлекеттік мекемесі теңгеріміндегі №137/3 және № 137/4 кешенді трансформаторлық пунктін байланыстыратын 6 кВ жер асты кабелінде сағат 08:59 шамасында апатты ақау анықталып, істен шыққан.

Тұтынушыларды электр жарығымен қамтамсыз ету мақсатында жедел түрде, техникалық қызмет көрсету № 56 келісім шартына сәйкес “Атырау Жарық” АҚ мекемесінің оқшауламаларды сынау және асқын кернеуден қорғау тобы, кабельдік электр  желісі  бөлімі (КЭС) бригадалары ұйымдастырылып 3 жерден ақау анықталды. Кешкісін тұрғындарға электр жарығы толықтай қосылды», деп хабарлады әкімдік.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

21 ақпан, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.