Махамбет ауданында орналасқан тұрғылықты мекенжайы жоқ мүгедектерге арналған баспана психоневрологиялық мүмкіндігі шектеулі жандарға еңбек терапиясы үшін күркетауық өсіруді жоспарлап отыр.
Баспананың ресми атауы – «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КМК. Қазір мұнда психоневрологиялық ауытқулары бар, 18 жастан асқан 309 адам ем алуда. Оның 152-сі ер, 157-сі әйел адам. Мекемедегі 33 қызмет алушы І топ мүгедегі болса, 276 қызмет алушы ІІ топ мүгедегі.
- Түйетауық өсіру жұмысы - орталықтағы қосалқы шаруашылықты кеңейтіп, психоневрологиялық ауытқулары бар азаматтарды еңбектен емдеу терапиясы үшін керек. Былтыр бұл әдісті тиімді қолдану бағытында облыстағы жомарт жандар орталықтағы үй жануарлары, яғни ешкі, тауық және қоян өсіру үшін қоражайлар салуға көмектесті. Бүгінгі таңда мекемеде 10 ешкі, 3 лақ, 33 қоян, 9 тауық бар. Ал биыл түйетауық өсіруді жоспарлап отырмыз,- деді КМК директоры Гүлнар ЗИНЕДЕНОВА.
Оның айтуынша, мүгедектерге кедергісіз орта құру жөніндегі шаралар аясында мүмкіндігі шектеулі қызмет алушылар үшін кіре берісте пандус орнатылған. Еркін қозғалу үшін зағип жандарға тактилді жол және мүгедектерге жуыну орындарында, әжетханаларда, дәліздерде қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін арнайы тұтқалар қарастырылған. Орталықта зағип жандар үшін ақпараттық мнемосхема және Брайл тілімен жазылған тақтайшалар, қызметкерді шақыру түймелері және сыртқы дыбыстық сигнал қойылған.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА