Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашу мақсатында облыс көлемінде 1 және 29 ақпан аралығында «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара кезінде барлығы 88 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:
- заңсыз аңшылық және аң аулау ережелерін бұзу - 28;
- су жануарларын заңсыз аулау және балық аулау ережелерін бұзу - 18;
- аңшы қаруын тасымалдау, алып жүру қағидаларын бұзу - 24.
Сонымен қатар, 305,5 келі балық өнімдері мен 5 тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшылық қарулары тәркіленді.
Сондай-ақ, 8 ақпан күні сауда орталықтарының бірінің алдында маркасы Toyota автокөлігінен 95,5 келі қаракөз балықтары анықталып, екі азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Осы ретте, тәртіп сақшылары аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын ескертеді.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА