20 ақпанға қараған түні Ресей әскері Украинаны 23 дрон және үш зымыранмен атқылады деп хабарлады Украина әскерінің өкілі. "Бәрін де атып түсірген" дейді Азаттық радиосының Украин қызметі.
Дрондар мен зымырандар Днепропетровск, Запорожье, Кировоград, Николаев, Полтава, Харьков және Херсон облыстарының үстінен құлатылған. Полтава облысында өнеркәсіп нысаны өртенген.
Дрон сынықтарының бірі Днепропетровск облысындағы үш саяжай үйі мен 2 автомобильге зақым келтірген. Сумск облысында Ресей әскерінің атқылауынан тұрғын үйдегі екі адам өлген деп хабарлайды жергілікті билік.