Атырау, 28 сәуір 08:39
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Путин Ким Чен Ынға лимузин сыйлады

363 просмотра

Путин Ким Чен Ынға сәнді Aurus Senat автокөлігін сыйлады, деп хабарлайды NEGE.

Ақпаратты Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растады. 

КХДР көшбасшысының қарындасы Ким Ё Чжон бұл сыйлық мемлекет басшылары арасындағы «ерекше достық қарым-қатынастың дәлелі» екенін атап өтті.

Бұқаралық ақпарат құралдары лимузиннің құны 440 мың доллар екенін және Путиннің өзінде де осындай көлік бар екенін жазып жатыр. Бұл сыйлықпен Ресей президенті БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Солтүстік Кореяға сәнді тауарларды, соның ішінде сәнді автокөліктерді әкелуге тыйым салатын санкцияларын бұзып отыр. 

Путин Ким Чен Ынға Aurus Senat автокөлігін 2023 жылдың қыркүйегінде Ресейге сапары кезінде көрсеткен. 

21 ақпан, 00:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.