Атырау, 25 қараша 13:57
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Интер" - "Атлетико": Айдын Қожахметтің болжамы

603 просмотра

Чемпиондар лигасы

"Сан-Сиро"

 Диего Симеоне бір кездері оның үйі болған "Сан-Сироға" оралады. Оған "Лацио" клубы бойынша бұрынғы әріптесі Симоне Индзаги қарсы тұрады. 20 жылдан астам уақыт бұрын олар алаңға бірге шығып жүрген болатын, енді Чемпиондар лигасының ширек финалына шығу құқығы үшін бір-бірімен күш сынасуы тиіс. 

 "Интер"

Өткен жылғы турнирдің финалисті осы маусымда жарқырап, одан да мықты болып көрінеді. "Интер" А сериясында нық басып, көш бастап келеді, ал олардың екі шабуылшысы Лаутаро Мартинес-Маркес Тюрам бүкіл Италияға үрей туғызып, екеулеп 30 гол соққан. Бірақ Чемпиондар лигасындағы жағдай басқаша. Плей-офф кезеңінде қателесуге құқықтары жоқ. 

Мартинес пен Тюрамның шайқасқа дайындығы керемет, бірақ Хуан Куадрадо мен Стефано Сенси "Атлетикоға" қарсы текетіресте қолғабыс бола алмас. Давиде Фраттези мен негізгі қорғаушы Франческо Ачербидің қатысуы да сұрақ астында. Бірақ оларсыз да "қара-көктер " кездесудің фавориті болып көрінеді. 

 "Интердің" соңғы 5 матчы

Интер - Салернитана 4:0

Рома - Интер 2:4

Интер - Ювентус 1:0

Фиорентина - Интер 0:1

Наполи - Интер 0:1

 "Атлетико"

Турнирдің осы кезеңінің дәстүрлі қатысушысы "face to face" форматындағы жекпе-жекте "Интерге"қарағанда әлдеқайда көп тәжірибеге ие. "Жолақтылар" тұтқыр стилімен кез-келген қарсыласқа қиындық туғыза алады. Бірақ бұл үшін футболшылардың барлығы сапта болуы маңызды. Мадридтіктер ұзақ уақыт бойы лазареттегі Лемар, Витоло және Аспиликуэтусыз ойнап келеді, енді олардың қатарын Габриэль Паулиста мен Альваро Мората толықтыруы мүмкін.

"Интерге" қарсы оларға жанқиярлықпен шайқасу қажет болады, ал Симеоне командасы үшін бұл қасиет барлышық десек те болады.

 "Атлетиконың" соңғы 5 матчы

Атлетико - Лас-Пальмас 5:0

Севилья - Атлетико 0:1

Атлетико - Атлетик 0:1

Реал - Атлетико 1:1

Атлетико - Райо Вальекано 2:1

 Жеке кездесулер тарихы 

Өздерінің ұзаққа созылған тарихында бұл командалар еурокубоктарда тек бір рет екі матчтық қарсыластықта кездескен еді. Сол кепздегі дуэль "жолақтылардың" пайдасына аяқталды, ал қарсыластар қонақ алаңындағы жеңістермен алмасты. Бірақ Мадрид бір гол артық соққан.

 Матчқа болжам 

Мен қазіргі "Интердің" ойыны мен дайындығына тамсанудамын және оларды осы кездесудің фавориті ретінде көремін. Сондықтан, Симон Инзагидің шәкірттері "Сан-Сирода" барлық сұрақтарын бірден шешуге бел буады. Алаң иелерінің жеке тоталы 1,5 артық болатындығына күмәнім жоқ. Менің Parimatch-тағы серіктестерім бұл оқиғаны 2.02 коэффициентімен бағалап отыр. Баршаңызға сәттілік!

20 ақпан, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған