Атырау, 25 қараша 13:39
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Үстел теннисшісі - Кирилл Герасименко: "Мақсат - әлем чемпионатындағы жеңіс"

624 просмотра

Оңтүстік Кореяның Пусанында үстел теннисінен әлем чемпионаты қызу жүріп жатыр, онда Қазақстан құрамасы өнер көрсетуде. Команданың басты үмітінің бірі-Қазақстанның алты дүркін чемпионы, 2020 жылғы Токио Олимпиада ойындарының қатысушысы және Parimatch беттинг компаниясының амбассадоры Кирилл Герасименко, қазір Германияда Бременнің "Вердерінде" өнер көрсетуде. 

 Кирилл турнирге қатысты артып отырған үмітімен және турнирде жеңіске жеткен жағдайда не істейтіндігі туралы айтып берді.

 Қазіргі әлем чемпионатына артқан үмітіңіздің мақсаттары қандай?

 Мақсат әрқашан бір - жеңіс. Өтіп жатқан әлем чемпионаты да, аталған мақсатқа сай. Біздің міндетіміз — топтық кезеңді еңсеру, әлемдегі ең мықты 16 команда құрамына кіру және турнирде жеңіске жету үшін қолдан келгенді аянбай жасау.

 Шайқастағы ең қиынға соққан қарсыласыңызды атап өтсеңіз

 Бұл ең алдымен Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея. Бұрынғы әлем чемпионатында қытайлықтар ерлер мен әйелдер арасында чемпион атанды, Жапония ерлер арасында "күміс", ал әйелдер арасында "қола", ал Корея  болса, ерлер арасында "қола"алды. Топтық кезеңде мен Германия, АҚШ және Ұлыбританияны атап өтер едім. 

 Ерлер командасына сізден басқа Аслан Құрманғалиев, Айдос Кенжігұлов, Ескендір Харки және Санжар Жұбанов қатысады. Әйелдер арасында - Сарвиноз Миркадирова, Зәуреш Акашева, Анель Бақыт, Анастасия Лаврова, Ангелина Романовская. Әр әріптесіңізге қысқаша сипаттама бере аласыз ба?

 Бізде мықты жастардан құралған құрам бар. Мен команданың әр мүшесін ерекше сипаттай алмаймын. Әркімнің жеке және таптырмас қасиеттері бар. 

 Әлем чемпионатында жеңіске жеткен жағдайда не істеуге дайынсыз?

 Егер бұл жағдай орын алса, мен Қазақстанға қуана-қуана жол тартамын. Біз толы стадионды жинап, матчтан матчқа қалай жеңіске жеткенімізді айтып берер едік. Үлкен мереке ұйымдастырар едік, өйткені бұл бүкіл Қазақстан үшін тарихи жеңіс болар еді. 

20 ақпан, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған