Атырау, 25 қараша 13:18
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау-Орал тас жолында жол қозғалысы ережесін бұзудың 500 дерегі анықталды

Бейнежазба
699 просмотра

5 және 29 ақпан күндері аралығында республика көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Атырау облысының полиция департаменті.

Республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолдарында 500-ден астам жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу дерегі анықталды. Соның ішінде:

- жылдамдық режимін сақтамаған - 457;

- басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген көлік құралын басқарған - 54;

- көлік құралын басқару құқығы жоқ күйінде көлік басқарған – 1.

Сондай-ақ, жалған сақтандыру полисі және басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген көлік құралын басқарған 2 жүргізуші анықталып, Индер аудандық полиция бөлімінің тергеу тобына тапсырылып, көліктер айып тұрағына қойылды.

Полиция департаменті «Қауіпсіз жол» іс-шарасы ақпанның 29-на дейін жалғасатынын және жол қозғалысына қатысушыларға жол ережесін қатаң сақтап, тас жолдарда жылдамдық режимін асырмауларын сұрайды.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

20 ақпан, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.