Атырау, 25 қараша 13:32
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау тұрғынына өз қаражатына шунт сатып алуды ұсынған

676 просмотра

Атырау облыстық балалар ауруханасында шунттың жоқтығынан балаға құлақ жарғағын шунттау отасын жасай алмаған.

Атырау тұрғынының айтуынша, баласына облыстық балалар ауруханасына жолдама берілген, бірақ ота жасар алдында анасына ауруханада шунт жоқ, медициналық құралдарды өз қаражатына сатып алу керек екенін ескерткен.

«Дәрігер маған бұл туралы айтып, шунт сатушының телефон нөмірін берді», - дейді әйел. - Телефон арқылы бір жұбы 42 мың теңге тұратынын білдім. Бірақ менде ондай ақша жоқ. Бұл туралы дәрігерлерге хабарлап, 18 жасқа дейінгі балаларға медицина тегін екенін айттым. Ал ол бұл жағдайда ауруханаға шунттар түскеннен кейін ғана ота жасалады деді».

Әкімшілік мұндай отаны жасау үшін аурухананың қажетті материалдармен қамтылмағанын мойындады.

«2023 жылдың қыркүйегінен бастап лор-операциялар жасау үшін шунттар сатып алуға өтінім бердік. Бірақ осы жылдың 1 ақпанына дейін тендерге қатысушылар (әлеуетті жеткізушілер) болған жоқ. Біз тендерге құжаттарды қайта тапсырдық, өткен аптада конкурс өтті, жеңімпаз анықталды, келісім-шарт жасалды. Жеткізу мерзімі 21.02.2024 ж. Жақын арада біз барлық науқастың ата-анасына ота жасалатын күнді хабарлаймыз», - деп жауап берді «АЖ»-ға облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

20 ақпан, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.