Атырау, 23 қараша 04:53
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Юлия Навальная күйеуінің жолын жалғастыруға уәде берді

507 просмотра

Юлия Навальная видеожазба таратып, күйеуі Алексей Навальныйдың ісін жалғастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

"Менің орнымда басқа адам болуы керек еді. Бірақ ол адамды Владимир Путин өлтірді" деді Юлия Навальная Х желісінде жариялаған видеосында.

Ол күйеуі Навальныйды не үшін өлтірілгенін білетінін, қазаның себебін жақын арада ашық айтатынын мәлімдеді.

"Навальныйдың ісін жалғастырамын. Еліміз үшін күресті жалғастырамын" деді ол.

Юлия Навальная Алексей Навальныйдың жақтастарын соғысқа қарсылықты, коррупция мен әділетсіздікке қарсы күресті жалғастыруға шақырды.

"Мен қорықпаймын, сіздер де ештеңеден қорықпаңыздар" деді Навальная.

Видеоролик Алексей Навальныйдың "мейірімді адамдар әрекетсіз болғанда зұлымдық үстемдік құрады" деген сөзімен аяқталады.

Ресейдегі жазаны өтеуді қадағалайтын орган (ФСИН) 16 ақпанда Навальныйдың түрмеде көз жұмғанын мәлімдеген. Туыстары мен адвокаттары оның сүйегін әлі көрмегенін айтқан.


20 ақпан, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.