19 ақпанда «Жерұйық» ықшамауданындағы екі қабатты жеке тұрғын үйде 25 шаршы метр аумақта өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер барлау жұмыстарын жүргізу барысында 1954 ж.т. ер адамның денесін шығарды. Өрт сөндірушілердің жедел қимылының нәтижесінде өрттің басқа бөлмелерге таралуына жол берілмеді.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. ТЖМ жылыту маусымында тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.