Атырау, 23 қараша 04:56
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Грузия президенті: Навальныйдың өлгенін Мюнхен конференциясы қарсаңында жариялағаны кездейсоқ емес

573 просмотра
Фото ашық дереккөзден

Грузия президенті Саломе Зурабишвили Навальныйдың өлгені туралы хабардың Мюнхен конференциясы қарсаңында жарияланғаны кездейсоқ емес деп санайды. Мұны DW мен dpa жариялады.

Зурабишвилидің сөзінше, бұл — Кремльдің форумға қатысушыларға ескертуі, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

"Навальныйдың өлгенін Мюнхен конференциясы басталардан сәл ғана бұрын хабарлағаны кездейсоқ емес. Меніңше, бұл — Мюнхен конференциясына "Ресей не істегісі келсе, соны істей береді" деген емеурін", — деді Грузия президенті.

Бір күн бұрын, 17 ақпанда Зурабишвили Bloomberg-ке берген сұқбатында Алексей Навальныйдың өлгені туралы хабарға және оны Михаил Саакашвилимен салыстырған ақпаратқа реакциясын білдірген. Ол "ондай салыстыруға, әсіресе қазіргі жағдайда еш себеп жоқ" деген.

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили 2021 жылғы қазанда елге келген соң қамауға алынған. Шетелде жүргенде Саакашвили бірнеше қылмыстық іс бойынша сырттай сотталған.

19 ақпан, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.