19 ақпан күні хоккейден жастар арасында Орал қаласында өтіп жатқан
Қазақстан чемпионаты лигасында «Ястребы» және атыраулық «Жас Батыр» командасы
кездесуі төбелеспен аяқталды.
Қақтығысқа ойынның екінші кезеңі болып жатқан кезде борттың сыртында отырған екі команда ойыншыларының өзара келісе алмаушылықтары себеп болған. Ол кезде атыраулық команда 1:5 есебімен жеңіп жатқан. Кейін оларды командаластары мен өзге адамдар келіп ажыратып алды.
Еске сала кетейік, жастар лигасы кестесінде атыраулық «Жас Батыр» командасы көш бастап келеді. Оны ешкім тұғырынан түсірмегенімен 13 ақпан күні болған кездесуде 3:0 есебімен оралдық «Ястребы» командасы ұтқан еді. Бүгінгі ойында атыраулықтар 5:2 есебімен есені қайтарды.
Енді «Жас Батыр» 22 ақпан күні Хиуаз Доспанова атындағы мұз айдынында Петропавлдың «Құлагер» жастар командасын қабылдайды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ