Атырау, 25 қараша 14:34
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АМӨЗ ұжымына Шымкент МӨЗ-ның жас мамандары үндеу жолдады

964 просмотра

«АЖ» редакциясынның электронды поштасына «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС жас мамандарынан үндеу келіп түсті. Оны өзгеріссіз назарларыңызға ұсынамыз.

«Қазіргі уақытта ауқымды қарқын алып жатқан және мұнай өңдеу кәсіпорындары жұмысының тұрақтылығына қауіп төндіретін соңғы оқиғалар аясында біз «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС жас мамандары атынан «ПМХЗ» ЖШС-дегі әріптестеріміздің үндеуіне қосыламыз және болып жатқан жағдайға қатысты біздің аса алаңдаушылық білдіреміз.

Біздің кәсіпорындар стратегиялық тұрғыдан да, еліміздің әлеуметтік климатына әсер ету тұрғысынан да айтарлықтай әсер ететін ерекше қауіпті өндірістік нысандарға жатады. Біздің әкелеріміз бен аналарымыз, аға-әпкелеріміз, барлық азаматтарымыз бұл оқиғалардың бәріне өз еркімен қатысты болып отырған жоқ және мұнай өнімдері нарығындағы тұрақсыздықтың барлық зардабын осы жандар сезінеді.

Еліміздің болашағын құра отырып, құлшынысымыз бен дағдыларымызды еліміздің басқа да салаларын дамытуға бағыттау үшін, әлемдік аренада оның рейтингін көтеруге және болашақта балаларымызға атқарылған істерді мақтанышпен айтып беруіміз үшін еліміз сеніп тапсырған өнеркәсіп кәсіпорындары жұмысының, өндіріс қуаттары мен еліміздің материалдық-шикізаттық базасының тұрақтылығына сенімді болуымыз керек, алайда қазір біз мұның бәрін сақтап қалуға тырысып қана жатырмыз.

Қалыптасқан ахуалдың шиеленіскеніне қарамастан, біз «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшылығы жан-жақты және бейтарап тексеру жүргізеді, ал «АМӨЗ» ЖШС қызметкерлері кәсіпорынның жұмысын қамтамасыз ету бойынша өз міндеттерін сабырлы әрі кедергісіз орындауды жалғастыра алады, ал саяси мәселелер химиялық технология мәселелерінен тыс қалады деп сенеміз.

Қалыптасқан бүкіл қиындықтың шешілетініне сеніммен, «ПКОП» ЖШС жас мамандары».

19 ақпан, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.