2024 жылғы 19 ақпанда сағат 00:50-де құтқару қызметінің байланыс бекетіне Мақат ауданы Мақат поселкесінің тұрғындары мал іздеуге шығып, елді мекенге кері оралмаған туралы шақырту түсті.
Құтқарушылар шақырту түскен уақыттан бастап дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына жұмылдырылды.
Айта кетейік, жоғалған адамдар 2024 жылғы 18 ақпанда сағат 08:00-де Мақат поселкесінен 60 км қашықтықта орналасқан қыстақтардың біріне қарай Тойота автокөлігімен мал іздеу мақсатында жолға шыққан. Автокөлікте 4 адам оның ішінде 1 бала болған (1967,1984, 1983, 2016ж.т.).
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті, жоғалғандардың туыстары жаяу түрде және автокөлікпен іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар 19 қаңтарда сағат 14:00-де әуеден барлау жүргізу үшін ТЖМ тікұшағы (бортында 5 экипаж) тартылды.
Іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталып, нәтижесінде сағат 14:40-та ТЖД күштерімен жоғалған адамдар елді – мекеннен 80 км қашықтықта аман-есен табылды. Анықталғандай, автокөліктері батпақты жерге батып, шыға алмай қалған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Табылған адамдар медициналық көмекті қажет етпеді.
Іздестіру – құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен, АПБ, туыстарынан барлығы 18 адам 5 бірлік техника жұмылдырылды.
"Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары дауылды алдын ала ескертулерді, ауа райының өзгерісін, жолдардың жабылуы туралы «112» құтқару қызметінен келген хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырамыз. Абай болыңыз! Біз үшін әрбір өмір маңызды", - деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.