Дүйсенбі күні таңертең ата-аналарды мектеп чаттары арқылы таралған: «Құрметті ата-аналар, ертеңнен бастап мектепте маска режимі енгізіледі!» деген хабарлама дүрліктірді.
Хабарламаның «бейресми» сипаты көптеген пікір туғызды, кейбіреулер оны жалған деп ұйғарса, енді бірі өңірде коронавирус инфекциясы тағы да өршіп жатыр деп ойлады. Бұл түсініспеушіліктерге қатысты Атырау облысының білім беру басқармасы бетперде тағуға ұсыным берілгенін және оның тек білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне қатысты екенін түсіндірді.
«Оқушылар бетперде тақсын деген бұйрық болған жоқ», - деп жауап берді білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира ТҰҢҒАТАРОВА.
Елена СҮНДЕТОВА