Атырау, 25 қараша 14:45
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ауыл арасына қатынау мұңға айналды

872 просмотра

Исатай ауданында орналасқан Қызыл үй мен Жасқайрат ауылдарының арасындағы жол кем дегенде әлі үш жыл салынбайды.

- Жыл сайын күн жылынып қар ерігенде, жауын-шашын жауғанда көретін күніміз осы. Екі ортаға жете алмай, талай рет жолда қалғанбыз. Ми батпан балшыққа батқан көліктер істен шығып жатыр. Бұл елді мекендер бірнеше жылдан бар, халқы малмен күнелтіп отыр. Ал ауылдар арасындағы жол қатынасы шешілер емес, - дейді тұрғындар.

«Исатай ауданының 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қызыл үй мен Жасқайрат елді мекендеріне кірме жол салу үшін 2025 жылы жобалық смета жасалады. Ал құрылысын жүргізу 2026-2027 жылдардың үлесінде тұр», - деп хабарлады аудан әкімдігі «АЖ»-ға берген жауабында. 

Мұндай жауапты естіген тұрғындар шарасыз қалды: кем дегенде әлі үш жылсыз жол салынбайтын болғандықтан елдімекен шаруаларына бұл қиындықтан әзір шығатын түрі көрінбейді. Қамысқала және Тұщықұдық округтеріне қарайтын Қызыл үйде 33, ал Жасқайрат елді мекенінде 38 үй бар.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 ақпан, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.