Мониторинг нәтижелері бойынша Атырау қаласындағы үш мектептің асханасында өрескел заң бұзушылықтар: тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы құжаттардың болмауы және куәландырылмағаны, лас ыдыстарды пайдалану, бір тоңазытқышта шикі және дайын етті сақтау, өндірістік бақылау бағдарламасының жоқтығы анықталды
«Әділдік жолы» РҚБ филиалы Агенттіктің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының волонтерлерімен бірлесе отырып, мектеп асханаларының жағдайын тексеріп, қаладағы оқу орындарының көпшілігінде тегін тамақ сапасының төмен екенін анықтады. Ата-аналар тамақтардың салқын әрі жеуге келмейтінін айтып, наразылықтарын білдірді.
«Атап айтқанда, №16 мектептен «аскорбин қышқылы» деген жазуы бар ақ ұнтақ табылды, құжаттары қытай тілінде жазылған, сапасы қатты алаңдатады», - деп хабарлайды РҚБ. - Бұл бұзушылықтар санитариялық нормалар мен заңнамаға қайшы келіп қана қоймай, балалардың денсаулығына қауіп төндіреді. Олардың көпшілігі ұсынылған тағамнан бас тартады, ал асхана қызметкерлері тамақты лақтырып тастайды.
Мектеп асханаларындағы қосымша тамақ құны отбасы бюджетіне кері әсер етіп, орташа бағадан күніне 250 теңгеге асып түседі. Мектеп асханаларында нан-бөлке өнімдері мен тәтті сусындардың сатылуы балалардың денсаулығына кері әсерін тигізіп, мәселені одан әрі ушықтырып отыр.
Көп мектепте ата-аналарды оқушылардың тағамы жөнінде хабардар ету және асханаға ас мәзірін ілу талаптары сақталмайтынын айта кету керек, бұл заңға қайшы келеді».
Жалпы, ведоство мәліметінше, №16 мектептен басқа тағы үш мектеп – №3, №33 және №35 мектеп тексерілді.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
«Әділдік жолы» РҚБ ұсынған сурет