Атырау, 25 қараша 14:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау тұрғынына TikTok желісіндегі экстремизм үшін айыппұл салынды

616 просмотра
Жасанды интеллект арқылы жасалған фотосурет

Облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны өзінің жеке TikTok парақшасында заңға қайшы діни материалдарды жариялады, деп хабарлайды ҚР Терроризмге қарсы орталығы облыстық ҰҚК департаментіне сілтеме жасап.

Бұл деректі Атырау облысы Дін істері басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіде жүргізген мониторинг барысында анықтады.

Өзбекстан азаматы болып шыққан жас жігітті Атырау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағымен («Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу») әкімшілік жауапкершілікке тартып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл (184 600 теңге) салды.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

19 ақпан, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.