Атырау, 25 қараша 14:58
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанның батысында -25 градусқа дейін аяз тұрады​

653 просмотра

Қазгидромет 20-22 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Синоптиктердің мәліметі бойынша, арктикалық антициклон Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында аязды ауа-райын ұстап тұруды жалғастыруда. Алайда, оңтүстік циклонмен еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады, бұрқасын күтілуде; таулы аймақтарда – қатты қар, сондай-ақ республиканың оңтүстік-шығысында аяздың біртіндеп әлсіреуі болжанады.

"Ауа температурасы батыста түнде 10-25-ке дейін, күндіз 5 -15 аязға дейін төмендейді, солтүстік және орталық аймақтарда түнде 28-38, күндіз 15-23 аяз, шығыс аймақтарда түнде 32-45, күндіз 20-32 аяз, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 15-25 аязға дейін, күндіз 0-13 аязға дейін біртіндеп жоғарылайды", деп хабарлады Қазгидромет.

19 ақпан, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.