Атырау, 11 қазан 05:15
 дождьВ Атырау +12.3
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Облыста қамыс өртенді

1 400 рет қаралды

Атырау облысында 20 гектарға жуық аумақта қамыс өсімдігі өртенді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Екпіні 24-26 м/с қатты желдің салдарынан және жел бағытының жиі өзгеруінен қамыс өсімдіктерін сөндіру қиындық тудырды.

Өртті жоюға ТЖД, "Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесін қорғау" мекемесінен, ЖАО, барлығы 28 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 20:10-да жойылды. 

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ


17 ақпан 2024, 22:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.