Атырау, 23 қараша 05:00
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Байден: Путин Навальныйдың өліміне жауапты

777 просмотра

АҚШ президенті Джо Байден Ресей түрмесінде көз жұмған Алексей Навальныйдың қазасына ашынғанын мәлімдеп, дегенмен мұндай хабарға таңғалмағанын да жеткізді, деп хабарлайды Аззатық Радиосы.Ол Навальныйдың өліміне Ресей басшысы Владимир Путин жауапты, деп мәлімдеді.

Жұма күні Байден Ресей түрмесінде қаза болған оппозиционердің өліміне байланысты ресми мәлімдеме жасады.

"Ол түрмеде отырған кезде де ақиқатты қорғайтын қуатты үн болды" деді шетелде қалуда мүмкіндігі болса да Навальныйдың 2021 жылы Ресейге оралғанын еске салған Байден.

"Путин Навальныйдың өліміне жауапты" деді ол.

АҚШ президентінің сөзінше, Владимир Путин Ресейден тыс аумақта ғана емес (мысалы, Украинада), Ресейдің өз ішінде де қан төгіп жатыр. Байденнің сөзінше, Навальный Ресейдің болашағына сеніп, Путинге қатысты ұғымдарға қарсы құндылықтарды қорғаған.

"Ол өз идеясы үшін күресуге, өлуге тұрарлық екенін түсінді" деді Байден. Ол сонымен бірге Навальный соғысқа қарсы шыққанын да атап өтті.

Байден сонымен бірге өкілдер палатасын Украинаға көмекті мақұлдауға үндеп, қарсыласы Дональд Трампты НАТО туралы сөзі үшін сынады. Байден АҚШ одақтастарын қорғай береді деді.

Байден сонымен қатар Навальныйдың отбасы мен жақтастарына көңіл айтты. "Навальныйды өлтірді деп айтуға бола ма?" деген сұраққа Байден әзірге саясаткердің өлімінің себебі жөнінде нақты ақпараты жоғын айтты. Алайда президенттің пікірінше, "Навальныйдың өлімі Путин мен оның қоластындағылардың әрекетінің салдары екені сөзсіз".

Ресейдің жазаны орындау федералдық қызметі 16 ақпанда Кремльдің сыншысы, ресейлік белгілі оппозиционер Алексей Навальный Ямало-Ненецк автономды округіндегі түрмеде көз жұмғанын хабарлаған.

Ведомствоның айтуынша, Навальный "серуеннен кейін өзін нашар сезініп, талып қалған". "Жедел жәрдем дәрігерлері тұтқынға көмектесе алмаған. Оның неден қайтыс болғаны белгісіз".

Навальныйдың отбасы мен жақтастары саясаткердің өлімі расталса, "оны өлтірген" деп тұжырымдауға болатынын айтқан.

17 ақпан, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.