16 ақпанда бірқатар БАҚ пен интернет-ресурстарда Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Ғалымжан Жусанбаевқа қатысты жағымсыз материалдар жарияланды.
Оны анонимді авторлар әлденеше рет сотты болған, 14 кеңесші жалдаған, есірткі/алкоголь пайдаланады және т.б. деп айыптады.
Содан кейін Petrocouncil.kz сайтында АМӨЗ бас инженері А.Т.Шошанбасовтың үндеуі және корпоративтік қауіпсіздік бөлімінің басшысы А.Касымов қол қойған мазут жеткізілімінің бұзылғаны туралы анықтама жарияланды.
Шошанбасов бас директорды зауытта алаңдатарлық жағдай туғызды және болашақта зауыт басшылығы тарапынан қаржылық ұрлық жасалады деп айыптады.
Өз кезегінде АМӨЗ бас директоры Ғ.Жусанбаев зауыт жұмысшыларына бейнеүндеу түсіріп, бірқатар қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Жомарт ӘМІРХАНОВ