Атырау, 25 қараша 16:15
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраудан 100 мың доллар алып кетпек болған

1 148 просмотра

2024 жылдың 11 ақпанында «Атырау – Кутаиси» KC7993 рейсінің жолаушысы «Әуежай-Атырау» кеден бекетінің қызметкерлеріне қол жүгінде 10 мың АҚШ доллары бар екенін хабардар еткен.

Алайда, кедендік бақылауды жүргізу кезінде Атырау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің шекаралық бақылау бөлімшесінің және Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп Грузия Республикасы азаматының чемоданынан 90 000 АҚШ доллары мөлшерінде кедендік бақылаудан жасырылған ақшалай қаражат табылды.

Анықталған 100 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай қаражат "ДХЛ ИНТЕРНЕЙШНЛ Қазақстан" ЖШС УСҚ-ға қабылдау-тапсыру актісімен орналастырылды.

"Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасынан қолма-қол шетел валютасын және (немесе) ақша құралдарын шетел валютасында 10 000 АҚШ долларының баламасынан асатын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің күні белгіленген бағамы бойынша есептелген сомада әкетуге тыйым салынады.



16 ақпан, 21:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.