Атырау, 4 қыркүйек 21:27
 дождьВ Атырау +29.4
$ 455.86
€ 528.84
₽ 5.25

Газадағы қарулы қақтығыстар кесірінен 17 мың бала жетім қалды

1 293 рет қаралды

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс кесірінен 17 мың бала жетім қалған. Бұны Біріккен Ұлттар Ұйымының ЮНИСЕФ агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осы жеткіншектердің түгелге жуығы ата-аналары мен баспанадан айрылғаннан кейін ауыр психологиялық жарақат алып, ұйқысыздықтан, тәбеттің төмендеуінен зардап шегіп отыр.

Сонымен қатар, балалар үнемі алаңдап, жарылысты естігенде байбалам салады, деп жазады qazaqstan.tv.

Газадағы соғыс қазанның 7 күні хамастықтар Израильдің оңтүстігінде 1200 адамды өлтіргеннен кейін басталды.

Содан бері Израильдің авиациялық соққылары мен жаяу әскер операцияларынан 28 500 астам палестиналық мерт болған.

16 ақпан 2024, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.