Атырау, 25 қараша 16:25
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сарапшылар пікірінше, "МанСити" мен "Челси" бір-біріне гол жаудырады

916 просмотра

Еуропадағы демалыс күндерінің басты матчы - "Манчестер Сити" мен "Челсидің" АПЛ аясындағы кездесуі. Бұл матчтан не күтуге болатынындығын Parimatch сарапшыларымен талқылап көрейік.

 "Этихад", Манчестер

17 ақпан

Астана уақыты бойынша 23:30

 "Манчестер Сити"

 "Ситиге" тән қасиет: көктемде жолындағы бөгеттердің тас-талқанын шығару үшін, ақпан айынынан бастап жинақталып, мықты дайындыққа ие бола бастайды. Алайда, көктем әлі келе қоймаса да, "қала тұрғындарының" дайындығы таңдай қақтырады. Мұның көп бөлігі мықты дайындығымен Кевин Де Брёйненің оралуына байланысты. Бельгиялық спортшы футболды сағынғаны анық, қазір үлкен ауқымды  керемет голдар соғылуға себеп болатын пастар беруге шебер болып отыр. Әзірге" Челсимен" өтетін шайқаста "Ситидің" қамалдарды бұзу әрекеті осы жерде үзіледі деп айту қиынға соғады. Жарақаттарға келетін болсақ, Йошко Гвардиол мен Матео Ковачич "көктермен" шайқасқа қатыса алмайды. Егер Гвардиол әлі де Гвардиола командасының негізгі ойыншысы болса (бұл сөз ойыны ешқашан жалықтырмайды), онда Ковачич - ротация ойыншысы. Жалпы алғанда, маңызды шығындары жоқ.

 "Манчестер Ситидің" соңғы 5 матчы (5-0-0, 12-3)

 ЧЛ. “Копенгаген” - “Манчестер Сити” 1:3

АПЛ. “Манчестер Сити” - “Эвертон” 2:0

АПЛ. “Брентфорд” - “Манчестер Сити” 1:3

АПЛ. “Манчестер Сити” - “Бернли” 3:1

Англия кубогы. “Тоттенхэм” - “Манчестер Сити” 0:1

 "Челси"

 "Челси" маусымның басынан бері тұрақсыз ойын көрсетіп келеді. "Тоттенхэмді" жеңіп, сол "Ситимен" 4:4 ойнап, содан кейін олар орта дәрежелі командалар мен аутсайдерлерден жеңіліп қалуда. Алайда, "Челсидің" өзі орта дәрежелі командалар қатарында: Чемпиондар лигасы аймағына дейін 13 ұпаймен 10-шы орында. Маурисио Почеттино командасы "Ситимен" ойынды жаттығу ретінде қабылдайтын сияқты: алда "Ливерпульмен" Лига Кубогының финалы, маусымды қандай да бір олжамен құтқарып, еурокубоктарға кіру мүмкіндігі бар. "Челсиде" жарақаттанған ойыншылар жағынан қиындық туындап отыр. Роберт Санчес, Уэсли Фофана, Бенуа Бадиашиль және Марк Кукурелла әлі де емделуде. Ал, Рис Джеймс лазареттің тұрақты тұрғынына айналған сияқты.

 "Челсидің" соңғы 5 матчы (9-10)

 АПЛ. “Кристал Пэлас” - “Челси” 1:3

Англия кубогы. “Астон Вилла” - “Челси” 1:3

АПЛ. “Челси” - “Вулверхэмптон” 2:4

АПЛ. “Ливерпуль” - “Челси” 4:1

Англия кубогы. “Челси” - “Астон Вилла” 0:0

 Жеке кездесулер тарихы

 Қараша айында (4:4) "Стэмфорд Бридждегі" концертті есепке алмағанда, соңғы жылдары бетпе-бет матчтарда "Сити" әрдайым дерлік жеңіп отырған. Бір қызығы, "Челсидің" "қала тұрғындарын" соңғы рет 2021 жылы Чемпиондар Лигасының финалында жеңген. Алайда, сол командадан тек Тиаго Силва, Бен Чилвелл мен формаларының түсі қалды.

 Болжам

 "Челси" көп жағдайда қақпасына өткізіп алады, ал "Сити"  болса, гол соғуға шебер. Сонымен қатар, Пеп Гвардиола командасында "құрғақ" матчтар саны өте аз. Сондықтан "тотал 3-тен жоғары" нұсқасына берілген 1.72 коэффициентіне назар аударуды ұсынамыз.

16 ақпан, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған