2024 жылғы 15 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдіктегі Атырау облысының 17 жасар тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Тінту кезінде одан тергеуге қызығушылық білдіретін материалдар алынды. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі ("Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Айта кететіні, 2023 жылы бұл азамат дәл осындай қылмысы үшін 2 жылға бас бостандығынан шектеуге жазаланған. Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырды. Бұл ретте, террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.