Бүгін №2 Атырау қалалық сотында 37 жастағы қала тұрғыны Данияр ЕРМҰХАНОВ ҚР ҚК 202-бабының 2-тармағы 3 бөлігі ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру") бойынша сотталды.
Сот анықтағандай, сотталушы 2023 жылғы 11 мамырда журналист Виктор СУТЯГИННІҢ "Лексус" маркалы автокөлігін қасақана өртеп, 25 млн теңгеге залал келтірді.
"Сотталушының кінәсі өзінің, куәгерлердің жауабы, бақылау камераларындағы фото-видео жазбалармен және басқа да іс материалдарымен дәлелденді, - деп хабарлады сотта. - Сот жаза тағайындау кезінде жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде өзінің мойындағанын және екі бала асырап отырғанын ескерді. Іс бойынша жазаны күшейту жағдайлары анықталған жоқ.
Сот Ермұхановты кінәлі деп танып, оған 5 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады".
Айнұр САПАРОВА