Чемпиондар лигасының өлім тобында үшінші болып оттай жанған "Милан" Еуропа Лигасын шабуылдауда. "Россонеридің" де қарсыласы ауа теуіп жүр деп айтуға келмес: соңғы ойындарда "Ренн" жетістіктерге жетіп жүр. Parimatch сарапшылары ойыннан не күтуге болатындығын айтып берді.
"Милан"
Мықты деп те айтуға келмейді, бірақ ауыз толтырып айтатын нәтижесі де жоқ – россонеридің жағдайын осылай сипаттауға болады. Бір жағынан, миландықтардың шағымдануына еш себеп жоқ: 3-ші орын, А Сериясында жеңіліссіз өткізген 9 матч және еврокөктемді сәтсіз өткізді деп те айта алмайсың. Екінші жағынан, скудетто туралы армандар біртіндеп сейілуде - көш бастап тұрған "Интерден" алыстауы қазірдің өзінде 8 ұпайға тең болып отыр. Оған қоса, Чемпиондар Лигасынан Пиоли командасы ұшып кетті, дегенмен әділдік үшін "ПСЖ" орнына плей-оффқа өтуі керек еді.
Соңғы 5 ойында "россонери" дөрекі ойын көрсетіп жүр – бір ойынға орташа есеппен 2,4 сары қағаз. Ал қазір Еуропа Лигасының 1/8 бөлігіне өту сұрақ астында, сондықтан мұндағы қызу деңгейі жоғарырақ. Parimatch сарапшылары да "Милан" сары қағаздарына үйіледі деп санайды: олардың кем дегенде үшеуі болады деген нұсқасына 2.90- коэффициенті ұсынылған.
"Ренн"
Ал олардың француздық визавилерінің ісі өрге басты. "Қызыл-қаралар"(иә,"бір"лақап атты "Миланмен" бөлісуде) бастапқыдағы мүшкіл жағдайларын қалпына келтіріп, қазір қатарынан 5 жеңіс сериясымен келе жатыр, олардың бірі шұңқыр түбінен шығуды көздеп отырған "Лион" да бар (3:2). Бұл нәтиже кестедегі бейнеге де әсер етті: қазір "Ренн" 7-орынға көтеріліп, еурокубок аймағынан 4 ұпаймен келеді.
"Қызыл-қаралар" ұзақ уақыт тербелгенді ұнатпайды: соңғы 5 матчтың 4-нде команда үзіліске дейін есеп ашып үлгерген ("Сошо" - мен кубоктық ойында олар 1-ші таймда 6 голдың 4-уін соқты). Бұл жолы француздардың қарсыласы әлдеқайда мықтырақ болғанымен, сарапшылар алғашқы 45 минутта "Ренн" гол соғады деп сеніп, оны 2.75-ке бағалайды.
Мачтқа болжам
Бұл шайқаста "Милан" мәртебесі жағынан да, ойыны жағынан да айқын фаворит – бұған күмәндануға еш себеп жоқ. Бірақ "Ренн" Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне аспаннан түскен жоқ, сондықтан шайқассыз беріле салмайтыны анық (1-лигадағы жеңістерді қанжығасына біреу әкеліп байлап берген жоқ қой). Голдардың көптігін де күтуге болады: "Милан" соңғы 10 ойынының 8-інде кем дегенде 3 доп соғып келген. Parimatch сарапшыларының соңғы болжамы - "Миланның 3.5-тен жоғары тоталымен өтеді" деген нұсқасына, тартымды 4.50 коэффициенті ұсынылған.