Атырау, 3 мамыр 18:05
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

"Ертерек бастамағанымызға өкінеміз": Путин Украинадағы соғыс туралы

441 просмотра

"Ертерек белсенді қимылдамағанымызға өкінеміз" деді "Россия 1" арнасына берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан Ресей президенті Владимир Путин, деп хабарлады Азаттық радиосы.

14 ақпанда кешке жарияланған сұхбат негізінен Путиннің америкалық журналист Такер Карлсонмен әңгімесін қамтиды. Сұхбатты қорытындылап, оған көптің реакциясына түсініктеме берген Путин Карлсонды "өткір жауап" алмас үшін арнайы тактика қолданған "қауіпті адам" деп атады. Путиннің сөзінше, ол мүлде басқа сұрақтарға дайындалып, мейлінше "өткір" жауап беруге тырысқан. Ол сұхбатқа көңілі толмайтынын жеткізді.

"Карлсонды АҚШ-та ұстауы мүмкін" деген болжам жөнінде Путин егер журналисті ұстаса "либералдық-демократиялық диктатураның шынайы бет-бейнесі ашылар еді" деді.

"АҚШ президенттерінің қайсысы (Байден не Трамп) сізге тиімдірек?" деген сұраққа Путин "Байден. Оның әрекетін болжауға болады" деді.

Путин сонымен бірге камера өшірілген кезде Карлсонмен болған әңгіме ауанына тоқталды. Президенттің сөзінше, мәселе 20 ғасырдың басында Ресей империясындағы еврейлердің жаппай қудалануына байланысты Ресейді "жексұрын етіп көрсету" тенденциясы жөнінде болып отыр. Путиннің айтуынша, аталған ойран қазіргі Украинаның жерінде болған. Ресей билігі Украинаның қазіргі билігін "неонацистік" режим деп атап келеді. (Ойран Ресей империясының барлық аумағында, мысалы Нижний Новгород, Дондағы Ростов, Красноярскіде де болған – ред.).

  • Сәрсенбі күні БАҚ және жарнама саласында зерттеумен айналысатын Mediascope зерттеу компаниясына сүйенген The Moscow Times Владимир Путинмен екі сағаттық сұхбат 4-11 ақпан аралығында Ресейдің ең танымал телебағдарламалары арасында 19-орынды алғанын жазды.

15 ақпан, 13:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.