Атырау, 23 қараша 05:10
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Францияның экс-президенті жарты жылға бас бостандығынан айырылды

399 просмотра

Париждің апелляциялық соты Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозидің 2012 жылғы сайлау науқанын қаржыландыру ісі бойынша оны алты айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC-ге сілтеме жасап.

Сондай-ақ ол тағы алты ай үйқамақта отырады.  

2021 жылы 69 жастағы Саркози бір жылға бас бостандығынан айырылды, оның партиясы Bygmalion PR фирмасымен жұмыс істеп, 2012 жылы қайта сайлануға жұмсалған шығынды жасырған деген айыпқа ілікті.

Саркози сот шешімімен келіспей, аппеляцияға берген.

Прокурордың айтуынша, Саркози 2012 жылғы сайлау науқанына шамамен 43 миллион еуро жұмсаған. Бұл рұқсат етілген 22,5 миллион еуродан екі есеге артық.

Францияда сайлау науқанының шығындарына қатаң шектеулер қойылған.

15 ақпан, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.